31.07.2015, 12:47
Оқылды: 18

Мас күйінде көлік басқарған

Mas kyinde kolik baskargan    Соңғы уақытта аудан көлемінде  ішімдікке сылқия тойып алғанына қарамастан  көлікке отыратындар қатары көбеймесе азайған жоқ. Бірақ олар мұның артында адам тағдырының тұрғанын еш сезбейтіндей. Соның салдарынан жол көлік оқиғалары орын алып, құқық бұзушылықтың қатары артып отыр. Жуырда Н. деген аудан тұрғыны  мас күйінде мемлекеттік нөмірі 063 АМА 07 «Daewoo Nexia» автокөлігіне отырып, жергілікті сағат 21.40 шамасында Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі бойында жол жиегінде жаңадан орнатылған бардюрлерге соғылып, жеке кәсіпкер С.Каировке  материалдық залал келтірген.

23 шілде күні Тасқала аудандық сотының қаулысымен азамат Н. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Осындай деректердің әшкерленіп, кінәлі тұлғалардың заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылуы, келешекте автокөлік жүргізушілеріне тиісті сабақ болатыны белгілі.

www.zhaikpress.kz

М.Темірғалиева

Тасқала аудандық сотының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале