2.05.2024, 21:01
Оқылды: 62

Казталовта мерзімді басылымға жазылу мақсатында жиын өтті

Бүгін Жалпақтал ауылындағы Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білімҒианаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында баспасөзге жазылуды ұйымдастыру жұмыстарына орай Жалпақтал аймағы бойынша орналасқан ауыл мектептері ұстаздарының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.

20240502_111702

Жиынға арнайы іссапармен келген «Жайық Пресс» ЖШС медиахолдингінің өкілдері атынан «Жайық Пресс» медиахолодингінің негізін қалаушы, бірнеше жыл осы мекемені басқарған, қоғам белсендісі Сапаров Табылғали Сатқалиұлы, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Рахманов Нұрлыбек Нұрланұлы, «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы Оразаев Нұрбек Зәкәрияұлы және «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Жақыпов Қайрат Есламғалиұлы қатысып, Табылғали Сатқалиұлы базпасөзге жазылудың және газет оқудың маңыздылығына тоқталып, елге, ауылға және болашақ ұрпақтың тәрбиесіне тікелей атсалысып, қоғамдық ортаға тұтқа болар ұстаздар қауымын идеологиялық сала бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүріп, ауызбірлікпен атқаруға шақырды.

20240502_111518

Ал жиынға қатысқан ұстаздар Табылғали Сатқалиұлының бастамасын қуаттап, мемлекеттік БАҚ-дың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі жөнінде өз ойларын ортаға салып, мерзімді басылымдарға жазылуды қолдайтындарын жеткізді.

- Қоғамдық ортада баспасөзге жазылу кезеңінің маңызы орасан зор. Себебі, мерзімді баспасөз қатарындағы газет беттерінде елімізде жүргізіліп жатқан саясаттар кеңінен насихатталады. Сондықтан ауылдық жерде ұстаздар қауымы өзгелерге үлгі болып, газет-журналдарға алдыңғы лекпен жазылады деп сенім білдіреміз, - деді қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ләйла Баделова.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданына

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале