31.03.2016, 12:00
Оқылды: 54

М.Ықсанов атындағы мектеп пен көшеге жөндеу жүргізіледі

????????????????????????????????????

    Наурыздың 30-ында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың 90 жыл толуына орай «Артында ізі қалды азаматтың» атты еске алу кеші өтті. Оған Мұстақым Біләлұлы Орал облыстық партия комитетінің хатшысы болған кезінде тізе қосып партия ісі және кеңестік шаруашылықта әртүрлі басшылық қызмет атқарған әріптестері Қадер Ишанбеков, Әділғазы Нұрғалиев, Ғалинұр Шәмшаева, Мүсілім Айтасов, Сатыбалды Ахметов, Қуанышбай Төлебаев қатысты. Көзкөргендер танымал тұлғаның ерекше парасатын, ұлтжандылығын,  өңір экономикасын дамытуда сіңірген қыруар еңбегін тілге тиек етті.


     Тағылымды шара тізгінін қолға алған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушысы, тарихшы Сайлау Сүлейменов кезінде ҚКОК-ның бірінші хатшысы болған Дінмұхаммед Қонаевтың өзі аптал азаматқа зор баға бергенін атап өтті.

    Еске алу кешінде мектеп оқушылары жерлес ақындар Ғайсағали Сейтақтың «Өмірден мынау ол да өтті», Шолпан Қыдырниязованың «Ағаны аңсау» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, әнші Дастан Есентеміров домбырамен Асылбек Ишановтың арнау жырын толғады. Кейін «Ел азаматына құрмет» атты кітап көрмесі  таныстырылды.

      – 2005 жылдан бастап М.Ықсанов атындағы қоғамдық қорға жетекшілік етіп келемін. Содан бері облысымыздағы мектептерде, арнаулы және жоғарғы орындарында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерін еске алу бағытында мәдени-спорттық және қоғамдық шаралар, кездесу, еске алу кештерін ұйымдастырумен келеміз. Күні бүгінге дейін сол шараларға он үш мыңдай адам қатысты. Қоғамдық қор мүшелерінің бастамаларына облыстық және қалалық мәслихаттар қолдау білдіруде. Мәселен, биыл Орал қаласындағы М.Ықсанов атындағы №36 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жасалады. Бұған облыстық бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінді. Былтыр М.Ықсанов атындағы көшені жөндеуді КПО б.в. компаниясы бастады. Биыл осы жұмыс жалғасын табады. Қыркүйек айына дейін аяқталады деп күтілуде, – деді еңбек ардагері Асқар Атаев.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале