6.09.2016, 9:53
Оқылды: 23

Нәзік жандылар семинары өтті

womenSummit«Үміт» Орал өңірі әйелдері кеңесінің» төрайымы Әлия Райымқұлова мен заңгер Зүлфия  Ұбаева ауданымызға келіп, Сырым елінің көшбасшы әйел-аналарының қатысуымен  «Қазақстан Республикасындағы әйелдер көшбасшылығының  қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

«Батыс Қазақстан облысының саясаткер әйелдері»  атты бейнебаян көрсетіліп, саясаткер әйелдердің қоры, резерві туралы айтылды.

Әлия Болатқызы 2016 жылы гендерлік саясат бойынша саясатта әйелдер 30 пайыз болуы  тиіс болса, бүгінде 25 пайыз ғана қыз-келіншектер басқару саласында жүргенін айтты. Білім беру мен денсаулық сақтау саласында  70 пайыздан астам әйелдер еңбек етсе,  басқару орындарында әйелдер небәрі 10 пайызды құрайды, қалған 90 пайызы ерлерге тиесілі.

Зүлфия Тынымгерейқызы  Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болғандықтан, мұнда ерлер мен әйелдерге заң ортақтығын, әйелдердің тұрмыста кездесетін зорлыққа шыдас беріп келетіні олардың көшбасшылық қасиетін төмендетінін айтты.

Семинар барысында сауалнама жүргізіліп, «Мен кіммін?» атты тренинг өткізілді. Тренинг әйелдердің өздерінің қасиеттерін бағалай білуге септігін тигізді.

Аудандық мәслихат хатышысы Ш.Дүйсенғалиева әйл адамның қоғамдағы рөліне тоқталып, олар билкке клетін болса, әлеуметтік мәселені бүге-шігесіне талдап қарап, шешуге күш салатынын айтты.

Семинарға қатысқан нәзік жандыларға  арнайы сертификат пен «Көшбасшының қалыптасу кезеңі» атты әдстемелік құрал табыс етілді.

Шынар Молданиязова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале