22.02.2016, 15:25
Оқылды: 22

Облыс халқының 150 мыңын жастар құрайды

Screenshot_2016-02-22-11-22-27-2   Орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалының «Жайық Пресс» медиахолдингінде кезекті «100 нақты қадам»- өңірдегі жастар саясатының жүзеге асу барысы» тақырыбында брифинг өтті.


Оған жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқармасының басшысы Азамат Айтуев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Кенесары Нуршинов және «БҚО жастар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Ермек Мұхамбеткалив қатысып, жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқармасының басшысы Азамат Жұмабайұлының мәліметінше, облысымыз халқының 150 мыңын жастар құраса, оның 50 пайызы қала тұрғындары болып табылады. Сондай-ақ өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 448 жас маман ауылға қызметке орналасыпты.

«Жасыл ел» және студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарына 886 студент жұмысқа тартылған. Ол үшін 19 млн. теңге ақша бөлінген. Былтырдан бастап студенттер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бағытымен облысымызда жүріп жатырған құрылыс жұмыстарына тартылған.

Содан кейін сөз кезегін облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Кенесары Нуршинов жалғастырды. Облыс бойынша 125 адам аталған ресурстық орталықтарда қызмет атқарады екен. Соның 106-сы аудандарда, қалған 19-ы облыс орталығында қызметте. Өткен жылы 2426 жас буын жастар ресурстық орталықтарының қабылдауында болып, жұмыссыздық мәселесімен, заңгерлік тұрғыдан кеңес алған. Нәтижесінде 520 адам жұмыспен қамтылған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале