4.06.2016, 17:51
Оқылды: 37

Облыс әкімі Железнов ауылдық округіндегі «Киргенев» шаруа қожалығының жұмысымен танысты

????????????????????????????????????

   Бүгін  облыс әкімі Алтай Көлгінов Железнов ауылдық округіндегі «Киргенев» шаруа  қожалығына   ат басын бұрған  болатын.  Мұндағы  мақсат 1997 жылы іргетасы қаланған «Киргенев» шаруа қожалығының күздік, жаздық егіс алқабымен және егіс алқабының культивациясымен танысу еді.


      Қайыржан Киргенев  басшылық ететін шаруа қожалықтың егістік алаңы 9092 гектарды құрап отыр.  Осы гектар жердің 2,7 мыңына күздік бидай, 6 мың гектарға бидай, 2 мың гектарға арпа, екі мың гектарға еркекшөп (житняк) егіліп отыр.

      Қазіргі күні техника саны -468. Трактор -25, трактор тіркемелері -9, комбайн -12, соқа -18, культиватор -3, тырма -399, сепкіш - 2.

      Шаруашылықтың жұмысына 49 адам жұмылдырылған.

    «Киргенев» шаруа қожалығының жұмысының жай-күйімен танысып болған соң облыс басшысы осы жерде бірқатар шаруа қожалық басшыларымен емен-жарқын әңгімелесті.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі  МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале