7.04.2016, 19:30
Оқылды: 20

Ортақ орынды ластағаны үшін айыпталды

Taskala musor      Жуырда Тасқала аудандық сотымен азаматша Б-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды. Құқықбұзушы  БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылындағы   «Мерует» дүкенінің  қасына қоқыспен  толтырылған қапшықты лақтырып,  осылайша жалпыға ортақ тәртіпті сақтамай, қасындағы адамдарға сыйламаушылық танытқан.


     Осыған орай, жәбірленуші ретінде дүкен иесінің түсініктемелері негізге алынып, Б-ның ісі сотта қаралды. Сот отырысында азаматша Б-ның құқық бұзушылық әрекеттері анықталып, өз кінәсін мойындайтынын айтты. Сондықтан, сот құқық бұзушы  азаматша Б-ны  ҚР ӘҚБтК-нің  434-бабының  1-бөлігімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде  10  АЕК мөлшерінде  21 210 теңге сомаға айыппұл салды.

         Ағымдағы жылдың 2 айында Тасқала аудандық сотымен  осыған ұқсас құқық бұзышылқтар бойынша 18 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 15 құқық бұзушыны  қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылса, 3 адамға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

     www.zhaikpress.kz

М.Темирғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале