31.07.2015, 12:46
Оқылды: 23

«Сайпар Дриллинг Компани б.в. Карачаганак Проджект» филиалына 3 000 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

KArashaganak   Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының өндірісінде «Сайпар Дриллинг Компани б.в. Карачаганак Проджект» филиалына  қатысты ҚР ӘҚБтК-ің 519 б 2 б бойынша әкімшілік іс қаралған.

БҚО мемлекеттік инспекторымен «Сайпар Дриллинг Компани б.в. Карачаганак Проджект» филиалын тексеру барысында толтырылған хаттамаға сәйкес филиал рұқсатында көрсетілген  3 санат бойынша  шетел азаматтарының жұмысшыларын бұрғылау мастерлері ретінде жұмысқа тартқан болатын, алайда, тескеріс барысында  филиалда жұмыс жасайтын жергілікті жұмысшыларының жауаптары бойынша аталған шетелден келген бұрғылау мастерлері шынында бұрғылау қондырғыларының басшылары болып жұмыс атқарған, яғни бұрғылау жұмыстары барысында жалпы жұмысшыларға басшылықты жүзеге асырған.

13.01.2012 жылғы №45 ҚР Үкіметімен бекітілген шетел жұмысшыларына еңбек ету және жұмыс берушінің шетел азаматтарын жұмысқа тарту рұқсатын беру турлы Ереже мен шарттарына сәйкес 17 шетел жұмысшыларына 2 санат бойынша рұқсат алу керек еді.

Сот қаулысымен «Сайпар Дриллинг Компани б.в. Карачаганак Проджект» филиалын ҚР ӘҚБтК-ң 519 б 2 б бойынша кінәлі деп танылып, жаза ретінде 3000 АЕК мөлшерінде, яғни 5 946 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жок.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале