29.07.2015, 10:21
Оқылды: 25

Сырымда заңгерлер кеңесті

Sirim zangerler kenesti   «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында «Қазақстан заңгерлерінің Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Мемлекеттің заң шығару қызметі мен құқық қолдану қызметін жаңғырту» тақырыбында аймақтық  семинар -  кеңес өткізді. Семинар кеңестің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов құттықтау сөз сөйледі.

Семинарға қатысушы Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының заңгер мамандары үшін «Қазақстан заңгерлері Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы жөніндегі хабарламаны бірлестіктің облыстық филиалының хатшысы Айман Ұнаева жасады.

Осы сияқты, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде жариялаған «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының заңнамалық тұрғыда жүзеге асырылуы турасында бірқатар баяндаламар тыңдалды. Сырым аудандық сотының төрағасы Гамал Құлмұханов, Сырым ауданының прокуроры Мейірхан Ізімов, Зеленов ауданы әкімдігінің бас маманы Тимур Қайыржанов, Орал қаласының әділет басқармасының басшысы Естай Рәшқалиев және  кәсіби медиатор Айжан Мұқановалар күн тәртібі бойынша сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале