24.06.2016, 12:45
Оқылды: 24

Шабындыққа шалғы  түсті

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Мал азығын дайындауға ертерек қамданған  шаруалар қатарындағы Шыңғырлау селолық округінің  шаруашылық субьектілері - «Усманғалиев.О», «Бекманов.Н», «Андрей»(А.Зубенко), «Ақсоғым», «Абдуғалиев»  науқанды бастап та кетті.


Үлкен ыждағаттылықпен басталған науқан осы серпінінен танбаса, шөп дайындау межесін артығымен орындайтыны байқалуда.

Биылғы далалықтағы пішендік алқаптардың шалғыны ерекше. Көктемгі мол жаңбыр далалыққа өз ырысын беріп тұр.  Шабындыққа шалғы салуға келген шаруалардың көңілдері  бірленіп,  іреңді далаға шалғыны іркілмей салған. Енді оларға күннің аптап ыстығы да кедергі болатын емес.

www.zhaikpress.kz
Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале