20.07.2015, 20:23
Оқылды: 52

Шаршы алаңдағы шахмат сайысы

Janibek shahmat    Бүгін дүниежүзілік шахмат күніне орай, Жәнібек аудандық «Балдәурен» балалар лагерінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен лагерь демалушыларының арасында шахмат және дойбы ойындарынан сайыс өткізілді.

Жарыс алдында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесшісі Мерлан Үркіновты сөзге тартқан болатынбыз:

-Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – балалардың шахмат пен дойбы ойындарына қызығушылықтарын арттыру. Өйткені, бұл ойындар балалардың ойлау жүйесіне өте пайдалы екені белгілі ғой,- деді ол.

Тартысты сайыстың нәтижесінде шахматтан 1 орынға Ермұхан Сыдихов(Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ), 2 орынға Ербол Ақылбеков(№1 ЖББОМ), 3 орынға Әділбек Махат(Т.Жароков атындағы ЖББОМ) қол жеткізсе, дойбы сайысы бойынша 1,2,3 орындарды сәйкесінше Нұрдәулет Өтегенов(Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ), Эльдар Досқалиев(Т.Жароков атындағы ЖББОМ) және Батыржан Оспанов(Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ) өзара бөлісті.

Сайыс соңында жүлдегерлерді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев құттықтап:

-Шахмат, дойбы – ақыл-ойды дамытып, зиялылыққа зерделейтін ойындар. Балалардың ой-өрісін дамытудағы орны ерекше. Шахмат пен дойбы сияқты ойындарды жаныңызға серік етіп, биік-биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспін,- дей келе жеңімпаздарға сыйлықтар мен мадақтау қағаздарын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале