25.01.2016, 17:03
Оқылды: 1

Қаратөбеде салықтағы өзгерістер түсіндірілді

 Karatobe salik   Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексіне» 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар-кеңес оздырылды.


Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Тимур Төлепов, департаменттің Камералдық бақылау басқармасының №1 камералдық бақылау бөлімінің басшысы Айман Қуанова, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Әйгерім Үмбетова түсінік жұмыстарын жүргізді.

Күн  тәртібінде «ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексіне» 2016 жылғы 1 қаңтарынан  бастап қолданысқа енген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру» мәселесі қаралды.

Алдымен сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Н.Төлепов қолданыстағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодекске» жаңадан өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін, соның ішінде арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге арналған өзгерістер, жаңадан дара кәсіпкер болып тіркелуші салық төлеушілерге тіркелгені үшін алынатын алымдардың алынып тасталғандығы, жеке тұлғалардың жаңадан алған көлік құралдарын тіркеу үшін төленетін төлемдердің шыққан жылына байланысты өсіп отыратындығы туралы түсінік берді.

Ал, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Ә.Үмбетова болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеден одағына мүше мемлекеттерден ҚР аумағына әкелінетін тауарлардың және ҚР аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттер аумағына шығатын тауарлардың ҚҚС төлеу және тапсырлуы тиіс өтініштер мен декларациялар жөніндегі өзгерістерді кеңінен талдап түсіндірді.

«Кенжеғара» шаруа қожалығының жетекшісі Н.Ахметов шаруа қожалығы жерлерін рәсімдеу кезіндегі қиыншылықтар мен кедергілерді жою, дара кәсіпкер Ұ.Бөпешова байланыс орнату мүмкіншілігі жоқ жерлерде беру функциясы бар БКМ-мен жұмыс жасау, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Бозов алкоголь өнімдерін сатуда арнайы лицензия үшін төленетін алымдарды төлеу мерзімі жөнінде сауалдар жолдады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале