25.06.2024, 15:30
Оқылды: 135

Оралда көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр

Орал қаласында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Қазір мердігер «Шымкент жасыл қала» ЖШС көпжылдық және біржылдық жасыл көшеттерді күтіп ұстау жұмысымен айналысып жатыр. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ЖП ОРАЛ

Қала аумағында 44 гүлзар бар. Оның жалпы аумағы – 28 мың шаршы метр. Өткен жылы 35 мың шаршы метр аумаққа көгал төселсе, 17 орынға автоматтандырылған суару жүйесі орнатылған.

Биыл да мердігер мекемемен бұл жұмыс жалғасып жатыр. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері күн сайын гүлзарды тазалау, гүлдерді суару сияқты жұмысты атқарады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале