25.06.2024, 16:32
Оқылды: 127

Елімізде адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе жүргізу жоспарлануда – Нұрлыбек Мұстаев

Адам папиллома вирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. АПВ-ның 200-ден астам түрі бар. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі (мойын, бас, жыныс мүшелері және т.б. органдардың қатерлі ісігі).

788609C9-8138-432C-96DE-F672BC5AB56E

Көптеген адамдарды онкология тудырмайтын АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папиллома вирустар сүйел немесе папилломатоздар түрінде дамуы мүмкін. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.

«Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланысты. Бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95%-дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папиллома вирусы (АПВ) тудырады. Жатыр мойны обырының 70%-ы АПВ-ның екі түрлі вирус штаммдарынан 16,18 туындайды.

Папиллома вирусы адамнан адамға тұрмыстық байланыс (қол беріп амандасу, зақымданған тері, сүю арқылы) және жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін. Ескере кету керек, вирус ылғалды ортада жақсы сақталады. Сондықтан моншаға, саунаға, бассейндерге барғанда жұқтыру қаупі бар.

Жатыр мойын ісігі бұл кең таралған қатерлі ісік түрі саналады. Елімізде 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап 11 жастағы қыздарды вакцинациялау жоспарланып отыр.

Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. Вакцинация 11 жастағы қыздарға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Екпе 11 жаста және 6 айдан кейін ревакцинациясы жасалады.

Вакцинациялау жұмысына 4 валентті вакцина қолданатын болады, яғни АПВ-ның 4 типіне қарсы, оның ішінде онкология тудыратын 16,18 генотиптеріне қарсы.

Вакцинамен қорғануға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі – бұл жатыр мойны обыры. Сондықтан адам папиллома вирусына қарсы екпе алуға шақырамыз», - дейді маман.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале