25.06.2024, 15:00
Оқылды: 106

Жаңақалада пробация есебінде тұратындар арасында турнир өтті

Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында спорттық шара өтті.
28DF95B0-2A22-4F68-A955-ECF693395193
Жарыстың ашылу салтанатына аудандық пробация қызметінің инспекторы Жантөре Қошшан, ауданымыздың прокуроры Исламбек Нұрғалиев, «Jastar» спорт клубының басшысы Жанболат Гумаров пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов қатысты.Алдымен Жантөре Қанатқалиұлы мен Исламбек Ералыұлы сөз алып, тағдыр сынымен өмірлерінің бір кезеңін темір тордың ар жағында өткізіп жатқан азаматтарға бостандыққа шығып, туғандарымен амандықта жүздесулерін тіледі.Қатысушылар қол күресі және гір тасын көтеруден бақ сынады. Ойыншылар алдымен қол күресінен сынға түсіп, нәтижесінде М.Қойшиев жеңіске жетті. З.Мақсотов ІІ орынды қанжығаласа, Т.Мәмбетов ІІІ орынға табан тіреді.

1FC786A8-A81D-4514-A381-451CE7C3992B
Одан кейін гір спортына кезек беріліп, бұл сайыста да М.Қойшиев жеңімпаз атанды. А.Қарағойшин ІІ орын, С.Айтқалиев ІІІ орын алды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале