25.06.2024, 17:15
Оқылды: 196

Теректілік шеберлер КИнЭС рекордтар кітабына енді

Орал шаһарында «URSHYK» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлеріне арналған «Өнер тамған он саусақ – үзілмейтін ырысың» атты ауқымды шара өтті.
153B5BE9-E82A-4706-AD16-6283E44E312B
Мұндағы ең негізгі мақсат – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүр мен мәденеитті насихаттау, қолөнер бұйымдарын дайындап, отандық өнімді дамыту, мәдени мұраны жаңғырту бола-тұғын. Атаулы шараға Подстепный ауылдық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Жұмагүл Қайнешова, Жамиға Хамитова қатысқан еді.
A341FE59-F26E-4307-9E0B-CCADEAB73751
Сайып келгенде, қос шебердің еңбектері бағаланып КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабына еніп, аудан абыройын асқақтатты.
50F0B9AE-4FF2-4D6A-8E94-1B838BF0136A
Сонымен қатар қолөнер «URSHYK» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиал директоры Жарқынай Әкімғалиеваның атынан алғысхат алды.
Самал Жамет
Теректі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале