24.06.2016, 12:06
Оқылды: 20

Қарымды қаламгер – «Қаратөбе өңірінде»

????????????????????????????????????

 Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі, көп жылдар бұрынғы «Еңбек туы», қазіргі «Қаратөбе өңірі» газетінде табысты еңбек еткен жерлесіміз Мұхамбет Жұбандықов Қаратөбе ауданында болды.


Редакцияға бас сұққан белгілі журналист жергілікті редакция қызметкерлерімен жүздесті.

1988-1995 жылдары аралығында аудандық «Еңбек туы» газетінде қызмет атқарып, тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін абыройлы атқарған журналист М.Жұбандықов аудан редакциясы ұжымын мерейлі 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен естелік суретке түскен Мұхамбет Мерғалиұлы әріптестеріне Журналистер күнін жақсы қарсылап, атап өтуге тілектестігін жеткізді.

 

www.zhaikpress.kz
Тоты АСҚАРҚЫЗЫ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале