23.06.2021, 17:41
Оқылды: 127

100-ге жуық кәсіподақ мүшесі біліктілікті арттыруға бағытталған оқыту семинарына қатысты

2021 жылдың 23 маусымы күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының мамандары мен кәсіподақ мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткен онлайн оқыту семинарына қатысты.

2065024E-CEBF-4BEB-A42C-61407CE47ED2Ағымдағы жылдың 14 маусымы күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағаларымен онлайн кездесу өткізген болатын. Аталмыш отырыста кәсіподақ төрағасы кәсіподақ жұмысын одан әрі жетілдіру, еңбек адамының мүддесі мен беделін жан-жақты қорғау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді. Бүгінгі онлайн оқыту семинарға өңірден 40-тан астам кәсіподақ мүшесі қатысты. Онлайн семинардың спикерлері – кәсіподақ қозғалысының белсенді, білікті, тәжірибелі мамандары болды. Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы – Майра Боранбаева қатысушылармен «Кәсіподақтар қызметінің негізгі қағидалары және еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесі» тақырыбында «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы аясында құқықтық ақпараттармен бөлісті.

94FD0BCE-FFE4-4CD8-8612-9F5CD39EDB01

Сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бойынша департамент директорының орынбасары – Ляззат Есжанова «ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі» тақырыбында айтып өтсе, Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының заңгері Людмила Голенкова «Еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және шешу. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» бойынша баяндама жасады. Оқыту семинарының соңында қатысушылар еңбек қатынастарына қатысты сұрақтары мен мәселелерін жеткізді. Оның ішінде білім беру саласы мамандарына қатысты сауықтыру жәрдемақылары туралы да сұрақтар болды. ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов кәсіподақ мүшелерін кәсіби біліктілікті, құқықтық сауаттылықты шыңдауға шақырды, сондай-ақ аталмыш оқудың екі аптаға жалғасып, 1000-нан астам бастауыш кәсіподақ мүшелерін ақпараттандыруға бағытталғанын еске салды.

#kәсіподақоқу

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале