21.03.2023, 15:31
Оқылды: 191

Филармонияда екі ауылдың өнерпаздары өнер бәйгесін өткізді

Кеше Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының үлкен залында наурыз мерекесіне арналған “Ғасырлар үні” концерті өтті. Филармония ұжымы тарапынан концерт басталмас бұрын кешке жиналған көрермендерге арнап дастарқан жайылды. Ұлттық тағамнан дәм татқаннан соң филармонияның жасыл залында фототүсірілім ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2023-03-21 at 13.04.17 (1)

Бұл залда “Назерке” халық биі ансамблінің артистері Армат Сайлауов , Айбар Амандықов, Ақжол Намазов, Руслан Шаңғалиев, Жансая Ағарбай күй атасы Құрманғазының, үш жүзге ән оздырған Мұхиттың, Ғарифолла мен Дәулеткерейдің, Динаның образын сомдап, жиналған халықтың көз қуанышына айналды.
Мерекеге сай қазақы нақышта безендірілген сахна төрінде филармониямыздың дәстүрлі әншілері екі топқа бөлініп, екі ауылдың өнерпаздары болып өнерін халыққа ұсынды. Жырдан алқа тағынып келген Мұрагер ауылы өнерпаздарының көшін бастаған аталмыш концерттің авторы, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, әнші Еркін Өтегенов болса, талай додаларда жыр тізгінін өзгеге ұстатпаған, ұлттық ән мен күйді қатар дәріптеп жүрген Қазына ауылы өнерпаздары, Қазына ауылының көшін бастаған ақын Абдул Рахметов болатын.

WhatsApp Image 2023-03-21 at 13.04.16
Екі ауылдың өнер бәйгесі асық арқылы жеребе тартылып басталды. Қазынасы өнерге толы Қазына ауылының өнерпазы, республикалық байқаулардың лауреаты Бейбіт Қажғалиев Жамбыл атамыздың “Жаз” термесімен бастаса, оған жауап ретінде Мұрагер ауылының өнерпазы , “Ерен еңбегі үшін “ медалінің иегері Дастан Есентеміров ұлы Абайдың “Жаз” әнімен жауап қайтарды.

WhatsApp Image 2023-03-21 at 13.04.15 (1)
Күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаның күйлері келер ұрпаққа қазақ халқының мұңы мен шерін жеткізіп, арманы мен рухына арқау болары анық. Өнер бәйгесінде Орал Сазы фольклорлық ансамблінің артисі, күйші Берік Шаймарданның орындауында Құрманғазының “Төремұрат” күйі, мультиаспапшы Аслан Ғұмаровтың орындауында Динаның “8 март” күйі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артистері Тұрлыхан Абухановтың орындауында “Аққу “ күйі, Бекзат Рамазанның орындауында Қазанғаптың “Ұршықтың жұртта қалғаны” күйлері орындалды. Қазақтың халық әнін қаз қалпында сақтап, нақышына келтіріп орындап жүрген қос ауылдың өнерпаз арулары, республикалық конкурстардың лауреаттары Ақмарал Кемелханова, Назгүл Қабиева, Айжан Мұхамеджановалар осы кеште сал Мұхиттың, Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерінен шашу шашты.

WhatsApp Image 2023-03-21 at 13.04.15
Мерекелік кеш халық композиторы, батыс ән мектебінің негізін қалаушы Мұхит Мералұлы бабабамыз бен Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерін осы мол мұраны насихаттаушы шәкірттері дәстүрлі әншілердің ән шашуымен жалғасты. Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың бас жүлде иегері Серік Абдрахманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткері “Ерен еңбегі үшін “медалінің иегері Сағадат Рахметжановтың “Сөйле дедің біздерге”, “Жайма қоңыр”, “Амандасу”, “Өмір термесі” атты бабаларымыздан мирас болған әндерімен жалғасты.

WhatsApp Image 2023-03-21 at 13.04.16 (1)

Филармонияның залында екі ауылдың өнерпаздары өнер бәйгесін өткізуде деген хабарды естіп келген Сағадат Рахметжанов: “Наурыз мерекесі - татулық пен бірліктің мерекесі, ендеше мен екі ауыл да тең болсын деген ұсынысымды айтамын", - деп еді, қос ауылдың өнерпаздары дәстүрлі ән дүлділінің сөзін мақұлдап, екі ауылдың бірлігі мен достығы мықты болсын деген тоқтамға келді.

WhatsApp Image 2023-03-21 at 13.04.15 (2)
Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл концерт жас бүлдіршін Хорлан Мақсоттың және “ККК” би студиясы биішілерімен, “Назерке” халық биі ансамблінің артистерінің орындауындағы билерімен қорытындыланды.

WhatsApp Image 2023-03-21 at 13.04.17
Осынау керемет Наурыз мерекесіне арналған концерттің жүргізушісі - ҚР Мәдениет саласының үздігі Камалиден Айтбаев.

Ps. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын!

Олжас Сейтімов,

   Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық

филармонияның ақпарат және жарнама бөлімі жетекшісі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале