27.10.2021, 9:50
Оқылды: 36

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынады

АҚШ-та Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының кеңесшілері ковидке қарсы Pfizer/BioNTech компаниясының вакцинасын 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға салуды жөн көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

e2b6773269d7fb33c1fe6fe7b7d08e67

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дауыс беруде 17 маман шараны дұрыс деп қабылдаса, бір сарапшы қарсы шықты. 

Ал келесі аптада АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары өз нұсқаулықтарын ұсыну керек.

Болжам бойынша аталған вакцина келесі айдан бастап елдегі 28 млн балаға қолжетімді болмақ. 

Айта кетейік, пандемия басталғалы құрама штаттарда Коронавирус індетінен 500-ден астам бала көз жұмды.

Бүгінде 12 мен 15 жастағы жасөспірімдердің 47 пайызы ковид індетіне қарсы вакцина алған. 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға жүргізілген клиникалық зерттеудің нәтижесі бойынша Pfizer мен BioNTech компаниясының препараты 90,7 процент тиімділік көрсетті. Енді компания 2 мен 4 жастағы бүлдіршіндерге жүргізген зерттеу нәтижесін жыл соңына дейін ұсынбақ.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале