23.09.2021, 11:10
Оқылды: 57

АҚШ-тың екі зообағында жануарларға вакцина сала бастады

Franklin және Stone хайуанаттар бағының қызметкерлері коронавирус жұқтыруға бейім жануарларға вакцина сала бастады. Бұл туралы Жаңа Англия (АҚШ-тың солтүстік-шығыс аймағы) хайуанаттар бағының сайтында хабарланды.1«Жаңа Англияның Franklin және Stone хайуанаттар бақтарында жануарлар арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары болмағанымен, бұл вакцина – вирус жұқтыруға бейім жануарлар түрлерін қорғау үшін маңызды алдын алу шарасы», - деді Жаңа Англия хайуанаттар бағының аға ветеринары Крис Бонар.

Вакцинаны бірінші кезекте коронавирус жұқтыру қаупіне ұшыраған жануарлар алады. Вакциналау үшін Ptizer-дің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Zoties ветеринарлық фармацевтикалық компаниясының препараты қолданылуда. Zoties төрт апта интервалмен екі дозамен салынады.

Қауіп шеңберіндегі барлық жануарларды толық вакциналау үшін үш айдан төрт айға дейін уақыт қажет болады. Zoties ветеринарлық фармацевтикалық компаниясы 70-ке жуық хайуанаттар бағы мен жануарларды қорғайтын басқа да мекемелердегі 100-ден астам түрді қорғауға көмектесу үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның 11 мыңнан астам дозасын бөлді.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале