3.02.2020, 11:30
Оқылды: 343

Ақжайық ауданындағы жолдарды жөндеуге биыл 1,5 млрд. теңге бөлінді

Бұл туралы Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов тұрғындар алдындағы есебінде айтылды. Есептік жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Aqjaiyq2 (4)

-Биыл ауданымызда жолдарды жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 596,1 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа Ілбішін, Жайық, Жаңабұлақ ауылдарының кіреберіс жолдарын және Орал-Атырау күрежолынан шалғай орналасқан Алғабас ауылының 26 шақырымын жөндеуден өткіземіз.

Aqjaiyq2 (15)

2019 жылы Чапаев ауылының кіреберіс жолының 1,6 шақырымына орташа жөндеу жүргізілді. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылішілік Мендалиев, Қазақстан, Тәуелсіздік, Щурихин көшелерінінің жолдары күрделі жөндеуден өтті, - деді аудан әкімі.

Жайық өзенінің екі бетіндегі халықтың қатынасын жақсарту мақсатында өткен жылы Жайық өзенінің Чапаев ауылы тұсында қалқымалы көпір қойылды. Соңғы 3 ай көлемінде қалқымалы көпір арқылы 5011 автокөлік қатынаған. Қалқымалы көпірдің орнатылуы осы өңірдегі тұрғындардың қауіпсіз жол қозғалысына жақсы жағдай туғызды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале