1.11.2023, 9:00
Оқылды: 17

Алаяқтар интернетте қазақстандықтарды 13 млрд теңгеге алдап кеткен

Жыл басынан бері елде 15,5 мың интернет-қылмыс тіркелген. Алаяқтар әлі де болса адамдарды алдап, ақшаларын жымқыруда. Олар келтірген шығын бүгінде 13 млрд теңгеге жетеді. Бұндай ақпаратты Ішкі істер министрлігі жариялады, деп жазды 24.kz.

ЖП АҚША

– Көбіне адамдар онлайн сауда жасау барысында зардап шегеді. Тез пайда табамын деп несие рәсімдеп, ақшаларын жалған инвестициялық жобаларға салады. Осылайша қомақты қаржыларынан қағылып жатады, - дейді тәртіп сақшылары.

Бір жыл ішінде 1 мың 200 қазақстандық осындай схемалардың құрбаны болған. Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады екен.

– Бүгінде банктер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалатын алаяқтық алаңдаушылық туғызып отыр. Осы тәсілмен жыл басынан бері 3 мыңнан астам алдау дерегі тіркелді. Мұндай қылмыстардың дені шетелден жасалады. Бұл оларды ашу процесін қиындатады. Егер онлайн-сауда бойынша қажетті ақпаратты қазақстандық сайттардан сұратуға болатын болса, өзгелеріне халықаралық сұраныстар жіберу керек. Тиісінше, қажетті мәліметті алу үшін ұзақ уақыт кетеді, - дейді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале