5.05.2020, 19:55
Оқылды: 135

Ардагерлердің бейнесі жыл өткен сайын асқақтай береді (ВИДЕО)

Ардагерлер -алтын қорымыз. Жыл өткен сайын сол бір ардақты тұлғалардың бейнесі асқақтап бара жатқандай. Ол заңды да. Олар өлім мен өмір беттескен сәттің тірі куәгерлері болған майдангерлеріміз. Сондай аяулы азаматтардың бірі де бірегейі Жаңабай Колумбаев. Мен алғаш қызметке келгенде ол кісі Алматы облысында ҰҚК басқармасында кадр бастығының орынбасары болды. Өз ісіне шынайы берілген кәсіби маманның білім-білігі де мол еді. Майдангер ағаның жастарға деген қамқорлығы тіптен бөлек еді.

Иә, өмірде әркімнің жолы әрқалай қалыптасады ғой. Менің бақытым осындай жандардың тәлім-тәрбиесін алып, үлкен өмірге қадам басқаным. Кейіннен өзіміз де үлкенді-кішілі қызметтер атқарғанымызбен сол адамдардың тау тұлғасын сағынышпен жиі еске алатын болдық. Сондықтан Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында ұстаз есімін санамызда тағы бір жаңғыртуды жөн санадым.

Мәлік Жаликенов,

полковник, ҰҚК-нің ардагері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале