21.04.2024, 22:55
Оқылды: 57

Арман Оразалиев: "Өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін қатерге тікпеңіз!"

Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде су басқан аумақтан бір азаматты құтқарып жатқан видео тарады. Автор үкіметтен ешқандай көмек жоқ екенін айтып қалды. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев айтты.

Орал Су 2024

"Өйткені суға кете жаздаған тұрғынды аман алып қалған азамат ол –  полиция кіші сержанты Бирлесов Амиржан, біздің қызметкер.

Оған көмекке Ұлттық ұлан қызметкерлері, еріктілер, және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмекке келді.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667 бабына сәйкес Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау заңға қайшы екенін естеріңізге саламыз. Мұндай құқықбұзушылық жасаған адамға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады немесе он бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Тасқын қаупі төнген күннен, бүгінге дейін полиция, құқық қорғау қызметкерлері, әскерилер, Ұлттық ұлан сарбаздары және төтеншеліктер су басу қаупі бар аймақтардағы азаматтарға бірнеше рет ескерту жасалды, суға кете жаздаған азаматқа да ескертілді.

Өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін қатерге тікпеңіз!" - деп мәлімдеді Арман Оразалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале