Мәдениет майталманының мерейтойы
9 Желтоқсан 2022

Мәдениет майталманының мерейтойы

Ардагерлер фестивалі өтті
9 Желтоқсан 2022

Ардагерлер фестивалі өтті

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді
9 Желтоқсан 2022

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді

Қос ауылға - жаңа бағандар
9 Желтоқсан 2022

Қос ауылға - жаңа бағандар

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды
9 Желтоқсан 2022

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді
9 Желтоқсан 2022

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

«Аватар» фильмін қазақ тілінде көре аламыз ба?

Әлемдегі ең танымал фильмдердің бірі - «Аватар» енді қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

220924145504214e

«Достар, сіздерді керемет жаңалықтан хабардар еткім келіп отыр. Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында кинематография тарихындағы ең жоғары кассалы және көрермендер тарапынан зор сүйіспеншілікке ие болған «Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады.

Түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильмі болады деп күтіліп отырған «Аватар: Су жолы» екінші бөлімінің шығуымен орайластырылып отыр. Оның да премьерасы ана тілімізде биыл 16 желтоқсанда болады.

Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды.

Бұдан бөлек, мәдениет және спорт министрлігі «Интервидео» компаниясымен бірлесіп әлемдік премьерасы алдағы 10 қарашада өтетін MARVEL әлемінің «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмін де қазақ тіліне дубляждайтынын айта кеткім келеді.

Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды жалғастырып, картиналардың қазақ тіліндегі прокатын көбейте беретін боламыз», - деп жазған министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале