14.08.2026, 22:00
Оқылды: 0

Батыс Қазақстан облысының 6 мектебі еліміздің «100 үздік мектебі» қатарына енді

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, басқарма басшысы Елдос Сафуллин оқушылар мен білім беру ұйымдарының республикалық деңгейдегі айтулы жетістіктерін атап өтті.

Мектеп ЖП / Гүлмира С.С

Атап айтқанда, өңірлік команда «Ең үздік олимпиадалық команда – 2026» республикалық сайысында екінші дәрежелі нәтиже көрсетті. Сонымен қатар облыстың алты білім беру ұйымы еліміздің «100 үздік мектебі» қатарына енді. Бұл тізімге «Білім-Инновация» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, Қазталов ауданының Алма Оразбаева атындағы мектебі, Бөкей ордасы ауданының Мәншүк Мәметова атындағы мектебі және Орал қаласының №35 мектеп-лицейі кірді.

Бұдан бөлек, республикалық «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» байқауында Анида Ахметкереева жеңімпаз атанды. Бұл жетістіктер — жүйелі жұмыстың, сапалы білім мен ұстаздар еңбегінің нақты нәтижесі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале