13.08.2026, 23:00
Оқылды: 4

Бәйтерек ауданында Жастар күні мен Спорт күні қатар тойланды

​Переметный ауылында Халықаралық жастар күні мен Спорт күні қатар тойланып, «Жастар үні – ел намысы спортта, ел болашағы жастарда» атты салтанатты іс-шара өтті.

image-13-08-26-06-55

Мерекелік кешті аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәулеткерей Құсайынов ашып, Бәйтерек ауданының спорттағы жеңістері мен жастардың қоғамдағы белсенділігіне тоқталды.

​Іс-шара аясында ел намысын қорғап жүрген үздік спортшылар – спорт шеберіне үміткер Ерлан Нұрқаев пен халықаралық дәрежедегі төреші Сырымбет Здуринге аудан әкімінің алғысхаты табысталды. Сондай-ақ ауылдық округтерден келген бір топ белсенді жасқа аудан әкімі орынбасарының алғысхаты, ал белсенді еріктілер мен экология жанашырларына Жастар ресурстық орталығы басшысының марапаттары берілді.

image-13-08-26-06-55-4

Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының жалынды концерті мен жастарға арналған интерактивті ойындарға ұласты.

Салтанат Шоқан,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале