9.10.2026, 14:45
Оқылды: 8

Бөкей ордасында генерал Талап Қабденовпен тағылымды кездесу өтті

Бүгін Бөкей ордасы ауданында ҚР Ішкі істер органдарының құрметті ардагері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор, құқықтану доценті, генерал-майор Талап Қабденов атажұртына, қасиетті Нарын топырағына арнайы келді.

IMG-20261008-WA0155
Ол аудан тарихында есімі қалған Социалистік Еңбек Ері Қабден Темірғалиевтің ұлы. Генерал атажұртына жалғыз келмепті, жұбайы Ғалия,  қарындастары Гүлбаршын мен Айманды, немересі Жәңгірханды ертіп келіпті. Талап Қабденов қазақ даласындағы тұңғыш білім ордасы Жәңгір хан мектебінде болып, Бөкей елінің бүгінгі жас буынымен кездесті.

IMG-20261008-WA0143

Өмір жолы өнегеге, елге қызметі еңбекке толы Талап Қабденұлының кәсіби жолы — жас ұрпақ үшін үлкен мектеп. Ол ішкі істер саласында ғана емес, білім беру, құқықтану, басқару және қоғамдық қызмет бағыттарында да мол тәжірибе жинақтаған.

IMG-20261008-WA0148
Тағылымды кездесуімізге ауыл тұрғындары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, мекеме қызметкерлері мен ұстаздар қауымы және оқушылар  қатысты.

IMG-20261008-WA0144
Кеш соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың атынан генералдың иығына шапан жауып, меймандарға сый-сияпат пен құрмет көрсетті.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20261008-WA0156 IMG-20261008-WA0134 IMG-20261008-WA0140

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале