9.10.2026, 16:30
Оқылды: 8

«Тең мүмкіндік»: Күз кезіндегі көңілді ойындар

Оралда «Тең мүмкіндік» балалар инклюзивті  спорт фестивалінің  облыстық  кезеңі  ұйымдастырылды.  Спорттық шараға Орал қаласы мен өңірдің  барлық  ауданынан  138 бала  қатысып,  өзара  сынға  түсті.

9c36fa42-

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында өткен ерекше жарысты «Әділет» партиясы БҚО филиалы мен облыстық білім басқармасы  ұйымдастырды. Жарысқа қатысқан тоғыз команда қатарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 56 бала болды. Қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және көңілді сөре эстафетасы жарыстарында бақ сынады. Спорттық сайыстар балалардың қабілеттерін шыңдап қана қоймай, достықты, өзара қолдау мен командалық  бірлікті  нығайтуға  мүмкіндік берді.

Фестивальдың ашылу салтанатында «Әділет» партиясы облыстық филиалының басшысы Бауыржан Бектұрған инклюзивті спорттың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ партияның облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының жетекшісі Нұргүл Ашықова  қатысушыларға  сәттілік  тіледі.

Жарыс қорытындысында команда мен қатысушы  өз  санаттарында  үздік  атанды.

Жеңіл атлетика:

  • 3-4 сынып ұлдары: Тасқала ауданы;
  • 3-4 сынып қыздары: Жаңақала ауданы;
  • 5-6 сынып ұлдары: Орал қаласы;
  • 5-6 сынып қыздары: облыстық команда;
  • 7-8 сынып ұлдары: Орал қаласы;
  • 7-8 сынып қыздары: Қаратөбе ауданы.

Көңілді СӨРЕ  эстафетасы:

  • 3-4 сынып ұлдары: Қаратөбе ауданы;
  • 5-6 сынып ұлдары: Шыңғырлау ауданы;
  • 5-6 сынып қыздары: Қаратөбе ауданы;
  • 7-8 сынып ұлдары: Қаратөбе ауданы;
  • 7-8 сынып қыздары: Шыңғырлау ауданы.

Бочча:

  • 3-4 сынып ұлдары: Бәйтерек ауданы;
  • 5-6 сынып оқушылары: Жаңақала ауданы;
  • 7-8 сынып оқушылары: Бәйтерек ауданы.

Фестивальдың негізгі мақсаты – спорт арқылы балаларды бірлікке шақыру, әр адамның қабілеті мен мүмкіндігіне құрметпен қарау, қоғамда өзара қолдау мен түсіністік мәдениетін  қалыптастыру.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Тең мүмкіндіктер» фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алды.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале