10.10.2026, 21:45
Оқылды: 48

​Қазталов ауданы әкімінің орынбасары болып Ернар Ильясов тағайындалды

Қазталов ауданы әкімінің 2026 жылғы 9 қазандағы өкімімен Ернар Аққалиұлы Ильясов Қазталов ауданы әкімінің орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

InShot_20261010_225033746

Ернар Ильясов 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қошанкөл ауылында дүниеге келген. Ол Ж. Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжін, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ол әр жылдары оқу ісінің меңгерушісі және мектеп директоры қызметтерін атқарды.

InShot_20261010_225046743

Сондай-ақ ол 2020-2024 жылдары Қошанкөл ауылдық округінің әкімі, 2024-2025 жылдары Қазталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды. Жаңа тағайындауға дейін, яғни 2025 жылдың сәуір айынан бастап партияның аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарып келген.

Отбасында жұбайы екеуі алты бала тәрбиелеп отыр.

«Қазталов ақпарат» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале