Қазталовтан түлеп ұшып, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген әнші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырхановтың «Ән – өмірдің өрнегі» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш барысында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты көрерменге әсем әндерін тарту етіп, ерекше рухани әсер сыйлады.


Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ернар Ильясов аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың атынан әншіге алғысхат табыстап, жергілікті жұртшылық атынан тұлпар сертификатын сыйға тартты.

Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы