10.10.2026, 21:30
Оқылды: 7

Жалпақталдық пошташылар төл мерекесіне орай еңбек ардагерлерін құрметтеді

9 қазан – Дүниежүзілік пошта қызметкерлері күніне орай «Qazpost» акционерлік қоғамы Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінде мерекелік жиын ұйымдастырылды.

image-10-10-26-09-21-3_edit_123548448260003

Салтанатты шараға сала ардагерлері арнайы шақырылып, ұжым тарапынан ыстық лебіздер білдірілді. Жиын барысында еңбек ардагері Меңзипа Көпбаева пошта саласының қызметкерлері тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, мерзімді басылымдарға жазылу науқанын да абыроймен атқарып келе жатқанын атап өтіп, әріптестеріне алғысын жеткізді.

Қыдыр Харесұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале