3.11.2023, 16:00
Оқылды: 297

Батысқазақстандық құрама команда республикалық турнирден жүлдемен оралды

Қараша айының басында Қарағанды қаласында юнифайт-волейбол ойынынан турнир өтті. Оған өңірімізден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары мен қызметкерлерінен құралған команда қатысып, І орын иеленді. Бүгін жеңімпаз жерлестерді батысқазақстандықтар теміржол вокзалында күтіп алды.

3A217E81-5D39-45CB-BE58-449680B7D5BB

– 1-2 қараша аралығында Қарағандыда «Special Olympics Kazakhstan» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен волейболдан республикалық турнир өтті. Оған біздің өңірдің құрама командасы қатысып, жеңіске жетті. Команда Батыс Қазақстан облысының арнаулы қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері мен қызмет алушылардан құралды. Құрамында үш қызметкер мен бес қызмет алушы болды. Болашақта да осындай додаларда бақ сынап, жеңіске жетуге жұмыстанамыз. Спортшыларымыздан, қызмет алушыларымыздан үміт күтеміз. Жарысқа қолдау көрсеткен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен спорт басқармасына алғыс білдіреміз, - дейді БҚО «Special Olympics» қоғамдық бірлестігінің директоры Дастан Мырзағалиев.

Айта кетейік, республикалық турнирге жалпы еліміз бойынша тоғыз команда қатысқан.

C07ECBDF-668E-4E7E-B07D-B97C0CB78C1C

D8AB9923-E92E-4E1C-8A74-E65D9CEFD19C

776DD666-EBBC-4C33-B602-21C863A57E40
993EA553-38C1-4480-9367-8A97DE8B6B11

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале