4.03.2021, 17:01
Оқылды: 249

Батысқазақстандық оқушылар халықаралық конкурстан жүлделі оралды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 61 «Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша жыл сайынғы халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізу туралы» бұйрығын орындау барысында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында қашықтықтан ZOOM платформасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XI халықаралық зерттеу жобалары конкурсы өткізілді.

BB5F62AF-C0C8-4373-8629-E10935A76524

Конкурстың негізгі мақсаты - математика және механика саласындағы ғылыми – зерттеу саласына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс қашықтықтан онлайн режимде өткізілді. Биыл Конкурс Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.

Сайысқа Түркия, Индонезия, Франция, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан және Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысушылар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша www.webinar.daryn.kz платформасында жобаларын қорғады. Конкурстың   республикалық кезеңінде Батыс Қазақстан облысынан 8 оқушы қатысты.

776D8B62-C2A8-409F-AD5A-C70A00668AC9

Конкурс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Пиунов Александр, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Прохорова Алина, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей орда ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы «мектеп-бөбекжай» кешенінің 8-сынып оқушысы Наурыз Аружан және Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 8-сынып оқушысы Жасқайрат Аяулым ҚР Білім және ғылым министрінің  II дәрежелі дипломы және күміс медаль иеленді.

 БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале