4.03.2024, 12:45
Оқылды: 19

Бір тонна қызанақтан зиянды вирус табылған

Оралға 25 қаңтарда Ресей Федерациясынан зиянды вирусы бар  1 тонна қызанақ  әкелінген. Қызанақ Әзірбайжан республикасында өндірілген.

11a17f36-f57e-4137-9968-6339bb7c59cd

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемленкеттік инспекторы фитосанитариялық бақылау және қадағалау барысында морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектіге ұқсас затты анықтады. Одан іріктеліп үлгілер алынып ПТР сарапатамасынан өткізу үшін Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасына жіберілді.

5f9f1104-4706-42e6-b551-9e00093d1873

Зертхана қорытындысына сәйкес аталған өнімнен карантиндік объект қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусымен залалданғаны анықталды.

Осыған сәйкес жеке кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

ce6b3597-d2a7-4009-8dbd-6980697c26e4

Сот қаулысына сәйкес жеке кәсіпкер кінәлі танылып, әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды. Сақтауда тұрған қызанақ тәркіленіп, оны жою туралы шешім қабылданды.

Бүгін комиссия мүшелерінің қатысуымен бір тонна қызанақ жойылды.

 Ерлан Орынбаев,

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан
облыстық аумақтық инспекция басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале