11.09.2019, 9:15
Оқылды: 407

БҚО әкімі 15 сағаттық қабылдау жүргізді

Оралда азаматтарды қабылдауды заманауи форматта өткізу игі дәстүрге айналды. Осы аптаның алғашқы күнін облыс әкімі Ғали Есқалиев, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың бірқатар басшысы халықты қабылдау шарасына арнады, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

Screenshot_2019-09-11-09-47-53-1
Облыс және қала әкімі, облыстық басқармалар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары, ТҮҚЖБ басшылары, яғни халықпен тікелей байланыста жұмыс жасайтын жандар жиналды. Әр азаматтың өзінің түйткілді мәселелерін шешу үшін құрылым басшыларына тікелей жолығу мүмкіндігі болды. Тұрғындар бір орында отырып-ақ түрлі саланы қамтитын кеңес алды. Қабылдау электронды кезек арқылы ұйымдастырылды.
Азаматтарды қабылдау таңертеңгі 9:00-да басталып, түнгі 00:00-ге дейін жалғасты. 80 адам өңір басшысы Ғали Есқалиевке жеке мәселелерімен жолығып, тағы 65 азаматты Орал қаласының әкімі қабылдады. Жалпы қабылдау барысында 272 тұрғын мәселелерін билік өкілдеріне жеткізді.

Screenshot_2019-09-11-09-47-49-1
Атап өтерлігі, 10 мәселенің 8-і баспана алумен байланысты. Бизнесті кеңейту мақсатында жер алумен байланысты сұрақтар да айтылды. Азаматтар сондай-ақ құқық қорғау құрылымдарының шешіміне шағым айта келген. Қабылдау барысында өңір тұрғындары туризмді дамыту, облыс орталығын абаттандыру және басқа мәселелерге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
Азаматтар жолыққан мәселелердің қатары болашақта жеңілдетілген ипотекалық несиелеу және баспананы жалға беру бағдарламаларының ауқымын кеңейту қажеттігін көрсетеді. Аталмыш бағдарламаға сұраныс өте жоғары. Сонымен бірге жер телімдері бойынша шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту керек.

Screenshot_2019-09-11-09-47-57-1
Ел Президентінің өзі «еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттілігін бірнеше мәрте тапсырды. Бұл қадам халықпен тығыз байланысты қамтамасыз етіп, өңірлердегі әкімдіктердің азаматтар үшін қолжетімділігін арттырады.
Аталмыш жұмыс форматы халыққа мемлекеттік қызметтер ұсынуды жетілдіруге және азаматтардың түйткілді мәселелерін шешуде көрсетілетін көмек сапасын арттыруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкестігін көрсетеді.
Айта кету керек, облыста азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. Облыс орталығында және аудандарда халықпен тікелей және кері байланыс үшін қолданыстағы алаңдар саналатын дәстүрлі «Ашық әкімдіктер» өткізілуде.

Бұдан басқа азаматтарды қабылдау «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында жүзеге асырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале