22.03.2020, 10:44
Оқылды: 67

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Наурыз мерекесімен құттықтады

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде кемел өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні ай мен күндей, әлемге бірдей ортақ қазынаға айналды. Наурыз мейрамы көп ұлтты еліміздегі барша ұлыстың бірлігін бекемдеді.

Қазақ халқының мәдениетінде Наурыз табиғаттың жаңғыруын, үндестік пен жарасымдылықты бейнелейді. Бұл күн ежелден жасампаздық нышаны және жаңа өмірдің бастауы ретінде құрметтелген. Наурыз – егемен еліміздің бейбіт аспаны аясында ынтымақпен өмір сүріп жатқан халқымыздың асыға күткен ең сүйікті мерекелерінің бірі.

90509585_1613210892153042_5199041023996592128_o

Күллі Шығыс жұртына ортақ мереке – Наурыздың тарихы тым тереңде. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді жақсылық пен имандылыққа бағыттайды. Бұл – кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Осынау күні біз бұған дейін жасаған істерімізге есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, дамуы жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.

Ақ Жайық өңірін ақ адал еңбегімен құтты қонысқа айналдырған батысқазақстандықтардың кемел келешек жолындағы бастамалары баянды, еңбектері жемісті бола бергей.
Қазіргі халқымызға түскен қауіпті кезеңнен сүрінбей аман сау өтейік!

Еліміздің мерейін өсіріп, ұлттық болмысымызды айшықтайтын Наурыз мерекесі денсаулық, отбасы амандығын, қуаныш пен бақыт, құт-береке мен молшылық әкелсін!

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале