25.05.2024, 12:00
Оқылды: 2

Тұғырда – мәдениет майталмандары

Халқын әнмен аялап, күмбірлетіп күй ойнатып, театр сахнасында көрерменді бір күлдіріп, бір жылатып түрлі сезімге бөлейтін, мың бұралған әсем билерімен көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлап жүрген өнер адамдарының еңбегі қашанда биік. Осы орайда Жәнібек ауданы орталығындағы мәдени және демалыс саябағында мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай мерекелік кеш өтті.

image-24-05-24-10-28

Ортаға ауданның көркемөнерпаздары шығып, халықтың қошеметіне бөленіп, вальс биін тарту етті.

Мәдениет саласынан зейнетке шыққан ардагерлер де қошеметке бөленіп, құшақтары гүлге толды. Атап өтсек, жастайынан өнер саласына келіп, саналы ғұмырын сахна төрінде өткізген актриса, режиссер Нұрсұлу Орынғалиқызы, құймақұлақ домбырашы, театр актеры Алтынай Өтепбергенқызы, кітапхана саласына еңбегі сіңген Улья Мағзомқызы, мәдениет саласына өзіндік үлесін қосқан Бақыт Әліпқалиқызы, ауданымызда күй өнерінің өркендеуіне үлесін қосқан күйші, домбырашы Шынтемір Қамешұлына құрмет көрсетілді.

image-24-05-24-10-28-4

Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов мәдениет майталмандарын мерекемен құттықтады.

- «Өнер ұлттың жаны», демекші кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық.

Осы қағидатты аудандық мәдениет және өнер саласының қызметкерлері берік ұстанып, өнеріміз бен мәдениетімізді ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуде.

Сондықтан, осы сәтті пайдалана отырып, ауданымыздың барша мәдениет саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлерді, өнерпаздарды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ауданымыз бойынша мәдени нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп, материалдық-техникалық жағынан қамтылуы жылдан жылға жақсарып келеді. Одан бөлек өнерпаздарымыз түрлі деңгейдегі шараларға қатысып, биіктерден көрініп, аудан тұрғындарына жақсы көңіл күй мен демалыс сыйлауда. Алдағы уақытта сіздерге шығармашылық табыс, әр қайсыңызға зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін. Мәдениет және өнер саласын дамыту жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіз демекпін, - деп Ж.Каримоллаұлы бір топ өнерпазды марапаттады.

Дәлірек айтсақ, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен аудандық «Ақмаржан» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Зәмзәмгүл Мұратова Замзамгүл наградталды. Сонымен қатар облыс әкімі Н.Төреғалиевтің құттықтаухаты аудандық киномен қамту бөлімінің басшысы Гүлжайнар Абдолова мен аудандық кітапхананың кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханшысы Алтынғаным Есетоваға беріледі. Облыстық мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Мұханғалиевтің алғысхатымен аудандық әдістеме бөлімінің әдіскері, халық әндерін орындаушы Тамара Кафарова, демалыс орталығының кинопульт операторы, театр әртісі Гүлмаржан Қаташева, Тау ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Асылан Есенов, демалыс орталығының саз сүйемелдеушісі, әнші Райымбек Каримов, Жұмаев бөлімше кітапханасының кітапханашысы Айымгүл Рахымғалиева, Қамысты модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айна Абулкаримова марапатталады. Қазақстандық салалық мәдениет, спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлованың Құрмет грамотасы Жақсыбай ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, биші Зинаш Жұмағалиеваға берілді. Сол сияқты қазақстандық салалық мәдениет, спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы А.Батырхановтың алғысхаты Борсы ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі «Ақққайың» халықтық би ансамблінің жетекшісі Ғарифа Азербаева, Қамысты ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Сұлтанияр Құрмашев, демалыс орталығының күзетшісі Мұхит Ажыханов табысталды. Сондай-ақ облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры

М.Жұбатовтың алғысхатын Ұзынкөл ауылдық мәдениет үйінің саз жетекшісі, «Көзайым» би тобының жетекшісі Аяжан Жақсығұлова, демалыс орталығының мәдени ұйымдастырушысы Өмірзақ Жармұхамбетов, демалыс орталығының ұйымдастырушы менеджері Мәдина Қадырова, демалыс орталығының әдіскері Анаргүл Молдашева, Ақоба ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Нұртілек Кәрімов алды. Аудан әкімі Т.Шиниязовтың алғысхаты Күйгенкөл ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Ұлдай Ғұмарова, Борсы ауылдық мәдениет үйінің саз сүйемелдеушісі Мербол Ихсанов, демалыс орталығының суретшісі Нұрлыхан Кәрімов, Талов ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Уәлихан Досалиев және аудандық халық театрының саз жетекшісі Жеңісбек Жүсіпке табыс етілді.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздардың ұйымдастыруымен шоу-бағдарламасына жалғасты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале