25.05.2024, 18:00
Оқылды: 0

Жаңақалада соңғы қоңырау сыңғырлады

25 мамыр күні еліміздің барлық өңіріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың үні естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тілейді. Қалыптасқан сол үрдіс бойынша бүгін ауылымызда да соңғы қоңырау ерекше сән-салтанатпен өтті. Жаңақала ауданы бойынша 14 мектептен 238 түлек, соның ішінде аудан орталығындағы үш білім ордасынан 111 түлек түлеп ұшпақ.

image-25-05-24-11-48-2

Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан алтын ұя – мектептерімен қимай қоштасқан түлектер үлкен өмірге қадам басады.

Жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, ұстаздар, ата-аналар, және мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30, 40, 50 жыл болған мектеп түлектері қатысты. Мектеп басшылары биылғы түлектердің жетістіктерін атап өтіп, ақ жол тіледі. Алпамыс Жаңабайұлы қияға қанат қағатын жас түлектерге сәт сапар тілеп, оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Жүздері бал-бұл жанған түлектер алтын ұясына, ұстаздарына деген алғысын жеткізді.

image-25-05-24-11-48-1

Айта кетсек, Жаңақала ЖОББМ бітіруші 24 түлектің барлығы қоңырау соғып, ата-аналарымен вальс биледі. Түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспіз!

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале