15.06.2020, 12:50
Оқылды: 388

БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылдың 13 маусымындағы қаулысы

bd2cbd5b-c23b-4059-ab38-a5e6a3828e34

2020 жылдың 13 маусымында БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысы шықты. Қаулы бойынша:

Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

Барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдары (тек кезекші топтардың жұмысына рұқсат беру), қалалық демалыс паркінің, ойын-сауық нысандары, кинотеатрлары, барлық түрдегі ойын алаңдары (аулалардағыны қоспағанда), түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальяндық, букмекер кеңселері, балалардың сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлері, кейтерингтік қызметтер көрсету және мерекелерді ұйымдастыру қызметтері, діни нысандар қызметін тоқтата тұрады.

2020 жылдың 15 маусымынан бастап жұмыс уақыты мен режимі бойынша келесі шектеулер белгіленді:

- жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын "қашықтықтан" жұмыс жасау тәсіліне ауыстыру;

- ХҚКО онлайн режимінде қызмет көрсетуге өту, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді алдын-ала жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін);

- медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар сауда сөрелері арасындағы қашықтықты сақтай отырып, азық-түлік өнімдерін сату тек өлшеп-оралған түрде, көкөніс пен жемістерді қоспағанда, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жүргізілуі тиіс;

- азық-түлік дүкендері (азық-түлік өнімдерін сату, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс) сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін;

- мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар және басқалары (бір уақытта 30 адамнан аспайтын келушілер санымен), қоғамдық тамақтану нысандарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынады, үстелдердің арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;

- ауданы 2000 ш. м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сауда нысандарының аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалар және басқа да ойын-сауық орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру нысандарының (асханалар, фуд-кордтар және басқалар) қызметін қоспағанда;

- банктік қызметтер, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- қонақүйлер, казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыруға арналғандарды қоспағанда;

- медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;

- түзету кабинеттері (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;

- шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері (алдын-ала жазылу бойынша), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (біріккен бөбекжай және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген үлкен және мектепке дейінгі топтар, бірақ әр жас тобында 15 баладан артық емес), жатын бөлмелерде 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау. Балабақшаның медициналық қызметкері барлық қызметкерлер мен балаларды күнделікті таңертеңгілік фильтрден өткізуі тиіс. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда) бар балаларды қабылдау. Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар балалар мен қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

- білім беру орталықтары, үйірмелер, балалар даму орталықтары (10 адамнан көп емес), сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;

- спорттық нысандар (тек ашық ауада, 30 адамға дейін спортшылар үшін, көрерменсіз); 30 адамға дейін спортшылар үшін теннис корты, көрерменсіз;

- мәдениет нысандары (қызметкерлер үшін 30 адамға дейін, көрерменсіз);

- сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар 20 жуынатын орынға дейін, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;

- фитнес-орталықтар (10 адамнан артық емес), СПА салондар, сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін;

- 2020 жылдың 20 маусымынан бастап балаларға арналған нысандарды қоспағанда, сауықтыру және санаториялық нысандардың (толтырылуы нысанның жобалық қуатының 50%-нан аспайтындай) жұмысына рұқсат етілсін. Демалушыларды қабылдау денсаулық жағдайы туралы анықтамалармен және COVID-2019 зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен (ПТР тәсілімен) жүзеге асырылады.

Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін белгілеу:

Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде әрекет ететін болады.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептик құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперде, қолғаппен) рұқсат етіледі.

Такси жеңіл көлігінде 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Облысымызда Жедел Штабтың шешімімен біраз нысандар ашылып, олардың жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер белгіленді. Барлық нысандар, мекемелер мен ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс жасауы қажет.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале