15.10.2026, 21:00
Оқылды: 49

БҚО-да Ерлан Акбаров мұнай-газ саласына өнімдер шығаратын 3 машина жасау кәсіпорнына барды

Вице-министр жылына 2 000 бірлікке дейін арнайы техника мен автоцистерна шығаратын «ОралАгроРемМаш» АҚ-ның (шамамен 300 жұмыс орны) өндірістік қызметімен танысты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

IMG_20261015_181704_606_edit_206159417797553

Фото: Minenergokz

Кәсіпорында профильдерді дәнекерлеусіз біріктірудің бірегей технологиясы (LEGO әдісі) бойынша құрастырылатын өрт сөндіру машиналарына ерекше назар аударылды.

«West Oil» инжинирингтік компаниясы» ЖШС-ның өндірістік цехтарында мұнай мен газды коммерциялық есепке алу тораптарын, телеметрия жүйелерін, сондай-ақ еліміздің магистральдық құбыржолдарында қолданылатын қысым датчиктерін өндіру үдерісі таныстырылды.

IMG_20261015_181714_752_edit_206153667119431

Сондай-ақ вице-министр шамамен 900 адам жұмыс істейтін «ЗКМК» АҚ зауытында кәсіпорынның өндірістік қуаттарымен танысты. Зауыт көлемі 200 текше метрге дейінгі ірі габаритті технологиялық сыйымдылықтар мен сепараторлар шығарады. Сонымен қатар кәсіпорын General Electric компаниясының газ турбиналарына күрделі жөндеу жүргізу және оларға сервистік қызмет көрсету жөніндегі лицензиясына ие.

IMG_20261015_181802_670_edit_206147117384642

Ерлан Акбаров Энергетика министрлігінің басым міндеттерінің бірі ірі жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын 5-10 жылға арналған ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар арқылы отандық машина жасау кәсіпорындарын тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті қамтуды дамыту өндірістік қуаттарды кеңейтуге, технологиялар трансфертіне және қазақстандықтар үшін тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етуі тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале