18.01.2021, 17:25
Оқылды: 105

БҚО-да кәсіподақ ұйымдарының саны артуда

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Kasipodak

Кездесу барысында кәсіподақ ұйымдарының функционалдық міндеттері мен мақсаттары айтылып, кәсіподақ мүшелерін қорғау, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуының жай-күйін қадағалау, заңдық және консультациялық көмек көрсету, ұжымдық еңбек шарттары мен өндірістік кеңесті құру және жасасу тәртібі, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың негізгі міндеттері туралы ақпараттар берілді.

Еңбек заңнамаларын алға тартып, кәсіподақ қызметі аясында болған кездесу нәтижесінде аталмыш мемлекеттік мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале