31.07.2019, 11:42
Оқылды: 123

БҚО прокуратурасы азаматтардың өтініштерін қарауды талқылады  

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында 2019 жылдың 6 айында сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау саласындағы өтініштерді қарау мәселесі бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Akjayik kaz prokuraturasi

Мемлекет басшысы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында басым міндеттердің бірі - азаматтардың өтініштеріне сапалы жауаптар дайындауды және заңның үстемдігін қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар мен халықтың өзара іс-қимылын атап өтті.

Алқа отырысында облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев құқық қорғау органдарына түскен өтініштердің 43%-ға (2018 жылы 1176-дан 2054-ке дейін) өсуіне назар аударды.

Өтініштердің негізгі үлесі полиция департаментіне (1 833) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке (195) тиесілі.

Өткен мерзімде прокуратура органдарына барлығы 3506 өтініш келіп түсті.  Өтініштердің көпшілігі тергеу мерзімдерін сақтау, қылмыстық істерді тоқтату, сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімдерін үзу, қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттарын негізсіз қабылдамау мәселелеріне қатысты.

Мысалы, Д. есімді азаматтың аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы көптеген шағымдары полиция органдарымен бірнеше рет қанағаттандырусыз қалдырылып, іс мүлдем тоқтатылған.

Тек прокуратура араласқаннан кейін ғана қылмыстық іс сотқа жолданды.

П. есімді азаматтың денсаулығына ауыр зиян келтіру және оны ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс жыл бойы өзінің шешімін тапқан жоқ.

Іс ауырлығы орташа дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тергелді.

Прокуратураның нұсқауы бойынша Бөрлі ауданының полиция бөлімімен қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыс бойынша сараланып, іс сотқа жолданды, кінәлі адам сотталды.

Процеске қатысушылардың шағымдарына жол бермеу және тергеудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында прокурорлар ҚПК-нің 193-бабының тәртібінде тергеушілерге 193 жазбаша нұсқау берген.

Сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушылардың прокуратураға жолдаған шағымдарының әрбір төртіншісі тергеу органдарының қабылдаған шешімдерінің хабарланбауы және тергеу нәтижелерінің сапасына қатысты екендігі аталды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры қойылған міндеттерді тиімді іске асыру, құқық қорғау органдарының жұмысы сапасының басты индикаторы ретінде халықтың сенімін арттыру және кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды нұсқады.

Бауыржан Ахметжан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале