Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Фото: olympickz
Махмұд 1/8 финалдық кезеңде Иран боксшысы Мехди Каземимен қолғап түйістірді.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті екінші және үшінші үшминуттықта қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.