15.10.2021, 10:33
Оқылды: 70

Бүгінгі күннің сауалы

– Вакцина алмағандар оффлайн жұмыс істемейді деген ақпаратты көзім шалды. Соған қатысты сала маманынан нақты мәліметті білгім келеді. Екпе алмауға рұқсат беретін медициналық анықтамасы болмағандар жұмыс орнына келе ала ма? Елімізде вакциналау қайта жүргізілетіні туралы айтылды. Оған байланысты нақты шешім қабылданды ма?

 Сәуле Диярова,

Орал қаласының тұрғыны

3E4B5C01-71C8-4EEB-BF02-E63922F403D6

Әдемі Хасанова,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен  байланыс жөніндегі  бас маманы:

–  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысы 6 қыркүйекте заңды күшіне енді. Осы қаулы бойынша COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектелді. Вакцинацияланбаған жұмыскерлер міндетті түрде ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) анықтамасын көрсетуі қажет. Бұл шектеудің тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып, жазылған адамдарға қатысы жоқ. Оларға ПТР-тестілеуден өту міндет емес. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында халықты қайта вакциналау мәселесі айтылды. Бірақ оған қатысты Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы әлі шыққан жоқ. Алдағы уақытта қайта вакциналау туралы ресми құжат  немесе толыққанды ақпарат шықса, тұрғындарға  кең  көлемде  түсінік  жұмыстары  жүргізіледі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале