18.10.2026, 11:00
Оқылды: 53

«Дала дәмі» жәрмеңкесінде 4700 тоннаға жуық өнім ұсынылды

Қазақстанда ішкі сауданы дамытуға, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және халық үшін азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Дала дәмі» республикалық жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі. 

IMG_20261018_094938_604

Фото: saudagovkz

Айта кетейік, апта сайын демалыс күндері өтетін жәрмеңке жыл басынан бері бесінші рет ұйымдастырылуда. Кезекті кезең аясында еліміз бойынша 4 700 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Оның ішінде шамамен 1 500 тоннаға жуығы Астана қаласына тиесілі. Мұнда тұтынушыларға ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектерді және басқа да азық-түлік тауарларын қамтитын отандық өнімдердің кең таңдауы ұсынылған.

IMG_20261018_094922_389

Жобаның басты ерекшелігі – тауардың өндірушілерден тікелей тұтынушыларға жеткізілуі. Бұл делдардар санын қысқартуға және өңіраралық сауданы дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне сауда орындары тегін беріледі. Бұл фермерлердің жәрмеңкеге қатысуына және өз өнімдерін өткізуіне қосымша мүмкіндік береді.

IMG_20261018_094934_179

Жоба Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірін қамтиды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале