20.11.2026, 11:30
Оқылды: 36

Ел дамуының жаңа бағыты – ортақ міндет

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» - атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстары Ақжайық ауданында қарқынды жүргізілуде.     

InShot_20261120_113030549

Осы орайда, «Әділет» партиясы Ақжайық аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарында Жолдаудың негізгі басымдықтарын талқылауға арналған жиындар өтті.

IMG-20261120-WA0028
Кездесулер барысында партия мүшелері елді жаңғыртудың жаңа кезеңіндегі ауқымды реформаларды кеңінен сөз етті. Әсіресе, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы, өңірлердегі әлеуметтік нысандарды жаңарту мәселелерін шешу жайы қызу талқыланды.
Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлігін қолдау, «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын қоғамда орнықтырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

IMG-20261120-WA0026
Жиын қорытындысында бастауыш партия ұйымдарының белсенділері Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді аудан көлемінде сапалы жүзеге асыруға белсене атсалысуға уағдаласты.

"Әділет" партиясы Ақжайық аудандық филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале