Бейсенбі, 19 қараша күні Павлодарда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Сатыбалды Дәулеталин мен Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен «Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» республикалық кәсіподақтар форумының пленарлық отырысы өтті.

Жиынға сондай-ақ салалық және аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары, еліміздің өңірлерінен келген еңбек ұжымдарының өкілдері мен әлеуметтік әріптестер қатысты.

Қатысушылар бір күн бұрынғы талқылаулардың нәтижесінде әзірленген «Еңбек адамының үні» атты 25 жалпыұлттық бастаманы таныстырды. Бұл ұсыныстар әділ еңбекақы төлеуге, жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік қорғалуына, еңбек ететін отбасылардың әл-ауқатына, технологиялық өзгерістер кезеңінде жұмыс орындарын сақтауға және еңбек ұжымдарының қоғамдық өмірге араласуына қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өндірістік өңір үшін еңбек адамын құрметтеу, кәсіби шеберлік пен еңбек құқықтарын қорғау мәселелерінің айрықша маңызды екенін атап өтті.
ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы