12.02.2022, 17:10
Оқылды: 126

Голландия мен Оңтүстік Корея Украинадағы азаматтарына елге оралуға кеңес берді

Екі елдің билігі АҚШ президенті Джо Байденнің Украинадағы Америка Құрама Штаттары азаматтарының кері оралуы қажеттілігі туралы сөзінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

8eca0bae4a2c4088ae32a566f1712f52

Нидерланды үкіметі өз азаматтарына шиеленісті жағдайға байланысты Украинадан "мүмкіндігінше тезірек кетуді" ұсынды. Бұл туралы Нидерландының Украинадағы елшісіне сілтеме жасап, голландиялық BNR радиостанциясы хабарлады.

Елші Дженнес де Мол бұл арада эвакуация туралы сөз болып отырмағанын, тек жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескеріп, "ерікті таңдау жасау" жайы қозғалғанын атап өтті.

Радиостанцияның айтуынша, нұсқаулық тікелей Гаагадан түседі.

Нидерланды дипломатиялық орынды Киевтен Львовқа ауыстыратыны да айтылады. Қажет болған жағдайда голландиялықтар құжаттар мен ақпараттарды сол арада туралай алады.

РИА Новостидің хабарлауынша, Оңтүстік Корея Украинаға сапарға қауіп-қатердің төртінші деңгейін енгізді, осылайша өз азаматтарына ол жаққа баруға тыйым салды және ондағы оңтүстік кореялықтарға елден кетуді ұсынды.

- Тыйым салу - бұл аймақтағы жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Оңтүстік Корея үкіметінің алдын-алу шарасы, біз Украинадағы азаматтарымыздан шұғыл түрде Оңтүстік Кореяға немесе үшінші елдерге аттануды және Украинаға сапар шеккілері келіп отырғандардан өз жоспарларын кейінге шегеруді сұраймыз, дейді Оңтүстік Корея СІМ.

11 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы американдықтарға елден кетуге шақырып, үндеу тастағаны белгілі болды.

10 ақпанда Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарын "Ресейдің әскери операциялары мен COVID-19 қаупінің артуына байланысты" Украинаға бармауға шақыратын хабарлама таратты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале